Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ТАСКЕШУЛІКТЕРДІҢ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТИІСТІ ШЕШІМІН ТАУЫП ОТЫР

САЙРАМ: ТАСКЕШУЛІКТЕРДІҢ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТИІСТІ ШЕШІМІН ТАУЫП ОТЫР

Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінде Таскешу ауылының тұрғындары жол белгілерін орнату, аялдаманы ретке келтіру, Шымкент және Таскешу бағытында қоғамдық көлікті жүргізу, сонымен қатар электр жарығымен тұрақты қамту мәселелерін «Евразия» телеарнасына ағымдағы жылдың 14 қарашасында шағымданған болатын.
Сайрам ауданының әкімдігі тарапынан сын-пікір назарға алынып, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев телеарнаның Түркістан облысы бойынша тілшісі Бахром Абдуллаевқа түйіткілді мәселелердің бақылауға алынып, алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатыны туралы сұхбат берді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Осы мәселеге орай, аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің берген тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің баспасөз қызметі Меруерт Шонтукова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаев және орынбасары Мухтар Аязов атқарылған жұмыстарды тұрғындарға түсіндіру және олардың ой-пікірлерін тыңдау мақсатында Таскешу ауылына барды.
Бұл кездесуге жергілікті «ELNUR TV» телеарнасы және «AzatNews.kz» ақпараттық агенттігі қатысып, көтерілген мәселелердің орындалу барысымен танысты.
Бөлім басшысы Баймурза Бейсембаев атқарылған жұмыстарды рет-ретімен түсіндірді.
— Ә.Молдағұлова және ішкі бұрылыс көшелерінің электр жарығы жүйелері бұрынғы ескі жүйеде болған. Бір жыл көлемінде жаңа жүйе қабылдауға алынбаған. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, қазіргі таңда аудандық «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-інің балансына өткізілген соң, жаңақұрылыс аумағындағы тұтынушыларды жеке–жеке аралап, қазір жаңа жүйеге толығымен қосты. Сонымен қатар, Жастар және Қызылсу көшелерінің тозығы жеткен электр трансформаторлары, электр желілері мен электр бағаналарын ауыстыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталған. Бүгінгі таңда электр трансформаторы іске қосылып, аталған көше тұрғындары сапалы электр қуатын пайдалануда.
Келесі кезекте Жаңақұрылыс-3 көшесіне тас төсеу жұмыстары үшін 20 млн. 667 мың теңгеге сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдың құрылысын жүргізу 2023 жылға жоспарланған.
Биылғы жылдың бюджеті қалыптастырылғандықтан, қарау мүмкіншілігі болмауына байланысты, келесі жылдың бюджетіне жаңақұрылыс аумағындағы көшелердің жолдарын ұсынатын боламыз. Қызыл су көшесінің және Жастар көшесінің орташа жөндеуден өткізуге сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдарға 2023 жылға қаржы қарастыруға ұсыныс енгізу жоспарлануда.
Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сайрам ауданының Полиция Басқармасынан арнайы нұсқамасы алынып, Ә.Молдағұлова көшесі мен Шымкент қаласының қиылысына басты жол мен екінші дәрежелі жол белгілері «Atlant Salt» ЖШС-і тарапынан орнатылды.
Бөлімнің ұйымдастыруымен Таскешу елді мекені мен Шымкент қаласының шекарасына аялдама орнатылды. Ендігі уақытта қалалық №149 қоғамдық көліктері Таскешу елді мекенінің шекарасына дейін жүру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Қалалық салалық басқармаға хат жолданып, келісім алынды.
Таскешу ауылына Тоған және Сарқырама арқылы газ тарайды. Ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін табиғи газ желілерін салу жұмыстары 2021 жылы аяқталған. Бүгінгі таңда табиғи газға қосу үшін құжаттары рәсімделуде. Аудан әкімі Таскешу, Тоған және Сарқырама ауылдарын газға қосу мәселесін облыста өткен мәжілісте назарға салып өтті. Облыстық «КазТрансГаз» АҚ-ына айтылып, хаттама түзілген. Газдың ішкі жүйелері жүргізілген. Тиісті құжаты дайын болған кезде, яғни аудандық «КазТрансГаз» АҚ-ы мекемесінен рұқсат етілгені жөнінде құжаттары берілгеннен кейін, алдағы айларда табиғи газға қосу жоспарлануда.
Кездесу соңында мәселенің оңтайлы шешімі табылып отырғанына аудан әкімі және басқа да басшыларға алғыстарын жеткізді. Атап айтқанда, Таскешу ауылының биі Қ.Абданбеков және жерлестері электр жарығы ретке келіп, жол белгілері орнатылғанына, сонымен бірге аудан-қала бағытында қоғамдық көліктің жақын күндері қатынауы, аялдама айдың соңына дейін ретке келетініне, газ жүйесін жүргізу кезінде қалып қойған тұрғын үйлерді толық қосу туралы өтініштері ескерілгенін тілге тиек етті.
Атқарылған жұмыстармен қоса, олар ашық күйде тұрған трансформатордың айналасын қоршау, Таскешудің аялдамасынан жаңақұрылыс аумақтарының ішкі көшелеріне ауданның қоғамдық тасымал қызметін ұйымдастыру, жаңақұрылыстың қалған бөліктеріндегі бағаналарды ауыстыру, электр жарығын қамтамасыз ету өтініштерін білдірді.
Салалық басшылар мен ауылдық округі әкімі тұрғындардың мәселелерін бақылауларына алып, жауаптарын берді.

Пікір жазу