Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАР ЕСКЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

САЙРАМДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАР ЕСКЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихаттың депутаты Сакен Султанов, аудан әкімінің баспасөз қызметі Меруерт Шонтукова, «ЯНС» ЖШС-і директордың орынбасары Ш.Юнусов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Т.Шекетов Ақсукент ауылындағы Экспедия аумағындағы тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесудің мақсаты — көше тұрғындарына аудандық маңызы бар жолға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысын түсіндіру және олардың мердігер тарапына айтылған шағымдарын назарға алып, тиісті жұмыстарды атқару.
Мадияр Мұхтарұлы жолдың жай-күйіне тоқталып, ақсукенттіктердің талап-өтініштерін тыңдады.
— Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-гі арасында 14.06.2022 жылғы №27 санды келісімшартқа сәйкес, аудандық маңызы бар КХ-36 Ақсу-Көмешбұлақ автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шарт жасасқан. Тұрғындардың аталған жолдың шаң басуы, жауын-шашын кезінде лайлануына байланысты жолға асфальт төсеу туралы өтініші ескеріліп, Ы.Иманалиев және Экспедиция аумағына бірінші қабат ірі тасты асфальт төселген болатын. Автокөлік жолының ұзындығы 7 шақырым, ені 6 м. құрайды. Жолды 1 метрге кеңейтілді. Аталған нысан өтпелі. Келесі жылы екінші қабаты 4 см майда тасты асфальт салынып, толығымен аяқталуы жоспарланған. Мердігермен жасалған келісімшартта көрсетілгендей, жолға қатысты пайда болған кемшіліктер жобаға қосымша енгізіліп, ретке келтіріледі. Айта кету керек, осы жолдың құрылысын жүргізіп отырған мекеме тарапынан қалпына келтіруге 5 жыл көлемінде кепілдеме мерзімі бар. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, 6 айдың кейін жеңімпаз анықталды. Жолдың жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс заттары болмауына байланысты жұмысын тамыз айынан бастап кіріскен. Жобалық-сметалық құжатында жолдың жиектері екі жаққа түсетіні қамтылған. Жобаға сәйкес, жұмыстар кезең-кезеңімен, өз деңгейінде жүргізілуде.
Көше тұрғыны А.Түкібаева атқарылған жұмыстармен бөлек, күз айында төселген бірінші қабаттың асфальтінің кейбір жерлері ыдырап шашылғаны секілді бірнеше кемшілік тұсын жеткізді. Өз сөзінде жауапты басшылар мен мердігер тарапынан жақынарада заңға сәйкес нақты нәтиже шықпаған жағдайда, жоғары тұрған органдарға тұрғындар атынан шағым жолдап, талап етенін тілге тиек етті.
Атап айтқанда, күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау, жұмыстарды жол құрылыстарының нормаларына сәйкестендіру, аялдаманың орналасу орнын ауыстыру, қосымша аялдама салу, осы аялдамаларға қоғамдық көліктердің кіруіне жағдай жасау, жолдың екі жақ бетінде орналасқан көшелердің бұрылыстарына қарай жалғасатын жолға асфальтті адамдар мен автокөліктің өтуі үшін ыңғайластырып төсеу, жиектерді реттеп, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол кедергілері мен сергек камераларымен қамтамасыз ету, қажетті жол белгілерін қою, үлкен жүк көліктерінің өтуіне тыйым салу, су науаларының ішін тазалау.
Сонымен қатар, апатты, тозығы жеткен көпірдің тіректерін және көпірдің жағаларын бетондау жұмыстары күшейтілмей, жолаяқ төселгенін, жолдың екі жағына жолаяқтардың жүргізілуіне байланысты көше тарылғанын сынға алды.
Аудан әкімінің орынбасары жолға қатысты тұрғындардың көтерген мәселелерін бақылауына алып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жобаға қосымша енгізіле отырып, мердігер мен тапсырыс берген бөлімнен талап етілетінін түсіндірді.
«ЯНС» ЖШС-інің жолаушыларды тасымалдау көліктері орталықтағы автобекеттен Экспедиция аумағынан өтетін Қарабұлақ ауылына дейінгі аралықта бұрынғы қалпында қызмет көрсететін болады.

Пікір жазу