Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін жетінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадовтың төрағалығымен болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сессия отырысына аудан әкімі Уласбек Садибеков, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №13-82/VII «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы;
3. Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қарашадағы №47- 294/VI «Сайрам ауданының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешiмiне толықтыру енгізу туралы;
4. Сайрам аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы №14-96/VII «Сайрам ауданының жайылымдарын басқару және оларды 2022-2023 жылдары пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан берілген сауалдар назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысы туралы ақпаратты Аіtube каналынан және аудандық мәслихаттың ресми сайтынан көре аласыздар.

Пікір жазу