Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сайрамда республикалық дәстүрлі олимпиадасы өтті

Сайрамда республикалық дәстүрлі олимпиадасы өтті

Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық дәстүрлі олимпиадасының, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 15 қарашасындағы №398 бұйрығына сүйене отырып, ағымдағы жылдың 23 қарашасында №17 жалпы орта мектеп базасында олимпиада өтті. Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Казақстан тарихы пәндері бойынша ауданымыздың 80 білім мекемесінен 923 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының хаттамалық шешімімен математика пәнінен 47 Амангелді жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жұмабек Бекасыл, N4 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы Абдимавланов Мирали, жаратылыстану пәнінен Ибрагим ата жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Эргешова Малика, №20 С.Сейфуллин мектеп гимназиясының 6 сынып оқушысы Шотанбай Ернар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №83 А.Байтұрсынов мектебінен 5 сынып оқушысы Ерікбай Айзере, №29 К.Тленшин жалпы орта мектебінен 6 сынып оқушысы Қабылбай Аққу, оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Мақатаев жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Хажиханова Сабрина, №17 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Ахматкулова Дилноза, Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Я-1 орыс тілінен Горький жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Иванова Сабрина, Я-2 орыс тілінен Курмантаев жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Виденин Дмитрий, Сейфуллин мектеп гимназиясынан 6 сынып оқушысы Туранова Арина, №74 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Икрамбай Асатулла, ағылшын тілі пәнінен №14 М.Сапарабаев жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Николаева Жасмина, №83 А.Байтұрсынов жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Сарықұл Томирис, қазақстан тарихы пәнінен №49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Орынбасар Каусар, Құрманғазы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Абай Ақерке жоғары ұпаймен олыстық кезеңге жолданды.

Дарын республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен өткен білім алушыларымызды Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гулнар Тұнғышбекқызы атынан алдағы олимпиаданың облыстық кезеңінен сүрінбей өтуін және оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдірді.

 

 

Пікір жазу