Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ — ОЗАТ АУДАН!

САЙРАМ — ОЗАТ АУДАН!

Жерінің түгін тартсаң майы шығатын Сайрам ауданында бұл күнде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Ауыл еңбеккерлері ісінің ілгері басуына мемлекеттік деңгейде қабылдаған бағдарламалар септігін тигізіп келеді.
Ауыл шаруашылығы – ауданымыздың тірегі. Бұл ретте, саланың дамуына көңіл бөлініп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік саласы қоса дамып, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалуда. Ауданда мал басы жылдан-жылға артып келеді. Бұл тұрғындардың әлеуеті де өскендігін байқатса керек.
Түркістан қаласында өткен «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған» «АLTYN KÚZ -2022» салтанатты мерекесінде ауданымыз Агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 1-орынды иеленді.
Сонымен қатар, ет өнімдерін экспорттаудан, сүт өндіруден және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болып марапатталды.
Сондай-ақ, озат агроқұрылымдарда марапатқа ие болды олар, ет өнімдерін экспорттаудан озат агроқұрылым «Туран Агро Ет-Сүт» АШӨК және озат мал бордақылаушы «Курбантай ата» шаруа қожалығы.
Сайрам ауданы аграрлық өңір болғандықтан жыл сайынғы «Алтын күз» мерекесінде алдыңғы қатардан көрінеді. Яғни бұл аудан еңбеккерлері мен шаруалардың жемісті еңбегінің арқасы.
Жеңісті де жемісті күндеріміз көп болсын!
«AMANAT» партиясы Сайрам ауданы филиалы «Қарасу» бастауыш партия ұйымы төрағасы.

Пікір жазу