Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨККЕН ТЕРДІҢ АРҚАСЫНДА — ҮЗДІК АТАНДЫҚ

ТӨККЕН ТЕРДІҢ АРҚАСЫНДА — ҮЗДІК АТАНДЫҚ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы ішінде өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының дамуы қарқын алуда. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарымыз баршылық.
Дәл осы еңбеккер азаматтардың арқасында аудан биыл екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп, облыстың үздігі атанып жатыр. Аудан тұрғындарын және еңбегі ерең азаматтарды өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.
Осы орайда, ауданымыз көзге түсіп, ауыл шаруашылығы жетіліп, жоғары нәтижені көрсетіп жатқаны қуантарлық жағдай.
Бұның барлығы төккен тердің жемісі деп білеміз.
Ауданымызда көптеген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды дұрыс бағытта пайдаланып, қайтарымсыз грантқа ие болып, ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосып жүрген азаматтарымыз жетерлік.
Қашанда адал еңбекпен жер жыртып, диханшылықпен айналысып, ауданымыздың үздік болуына ұйытқы бола білген кәсіпкерлерге және аудан тұрғындарына айтар алғысым шексіз!
Әрқашанда еңбектеріңіз бағаланып, жұмыстарыңыз жандана берсін.
Абзал Казанкапов, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Пікір жазу