Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ӨҢІРДІҢ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ӨҢІРДІҢ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков  аудан орталығында БАҚ өкілдерімен арнайы жүздесіп, брифинг барысында ауданда 2022 жылдың 10 айында атқарылған негізгі жұмыстарды кеңінен таныстырып өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Дәстүрлі есеп беру барысында орындалған жұмыс жайын саралап қана қоймай, алда тұрған міндеттерге де тоқталды.

Өңірдің оң өзгерістерін, әрбір сәтті қадамын елге паш етіп, өзекті мәселелерін дер кезінде көтеріп, билік пен халықтың арасында алтын көпірге айналып отырған еңбектері үшін БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын білдірді.

Соңғы статистикалық деректерге жүгінсек, Сайрам ауданының халық саны – 230 мыңнан асып отыр. Жер көлемі жағынан ең кіші аудан болғанымен, халық саны жағынан Түркістан облысы бойынша тізімді бастайды. 11 ауылдық округ, 42 елді мекен бар.

2022 жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалуда.

Сайрам ауданының биылғы бюджеті – 37,4 млрд теңге. Оның 62,8%-ы яғни, 23,5 млрд теңгесі бюджеттің шығындарын өтеуге жұмсалады. Аудандық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына – 5,6 млрд теңге (аудан бюджетінің 14,9%), әлеуметтік салаға – 4,8 млрд теңге (аудан бюджетінің 12,8%) бағытталған.

Ауданның жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылып, атқарылатын іс-шаралар жоспарының алгоритімі бекітілген болатын. Нәтижесінде, 10 айда өзіндік кірісіміз 651,1 млн теңгеге ұлғайтылып, жоспар 112,7%-ға артығымен орындалып отыр.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бүгінгі таңда жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 161 азаматқа мемлекеттік грант берілді.

Ауданда, әсіресе, ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты. Салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Көрсеткіштердің өсімі сақталды. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180 млрд теңгеге жеткізу межеленіп отыр.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 175 млн теңгелік 2 жоба, «Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламасымен құны 240 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылған, микрокредиттік ұйымдар арқылы 2494 адам 1,9 млрд теңгеге несиеленді.

Аудан экономикасына жыл басынан 32,9 млрд теңгеге инвестиция тартылса, оның 28,9 млрд теңгесі немесе 76% жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. Бюджеттік емес инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, соңғы жылдары 1,6 есеге артқан. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша облыс көлемінде аудан 3 орында, үлесі 6,4%.

 

 

Пікір жазу