Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА ОҢ ӨЗГЕРІС КӨП

САЙРАМДА ОҢ ӨЗГЕРІС КӨП

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы орайда Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық саласында атқарылған жұимыстар жөнінде аудан әкімі Ұ.Сәдібеков 2022 жылдың 10 айында атқарылған негізгі жұмыстар жөнінде өткен брифингте мәлімдеді, деп  хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл басынан аз қамтамасыз етілген 3235 отбасына  843,2 млн теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 185,9 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 77 отбасына демеушілер тарапынан 54,9 млн теңгеге жуық материалдық көмек көрсетілсе, 4 отбасына тұрғын үй берілді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына» биыл 1,8 млрд теңге қаралып, 10 айда бағдарламаға 9486 адам қатысты.

Оның ішінде 276 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 876 адам жастар практикасына, 1759 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі 388 азамат жұмыспен қамтылды, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 224 адамға 274,4 млн теңге мемлекеттік грант берілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бастау бизнес» жобасымен 1907 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуда.

Өздеріңіз білесіздер, зейнет жасына екі жыл қалған жұмыссыздарға арналған «Күміс жас» жобасы бар. Осы жоба аясында 74 азамат жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1419 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жыл басында 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, жоспар 122%-ға артығымен орындалды.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрап, былтырға қарағанда төмендеді.

Бюджет есебінен 2022 жылы жалпы құны 2,3 млрд теңге құрайтын 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның бірі Айнабұлақ атындағы жаңа 600 орындық ЖОМ, екіншісі №62 Анартаев атындағы ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы. 2022 жылға 335,2 млн теңге бөлінген, нысандар келесі жылға өтпелі.

Білім саласында да бірқатар жаңалықтар бар.  Жыл сайын мектепке баратын бала саны артуда. сол себептен, мектепке дейген қажеттілік пен сұраныс бар.

Елдің ертеңін жалғайтын саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында білім ошақтарының материалдық жағдайын көтеру, аталған саланы дамыту жұмыстары әрдайым басты мақсат болып қала бермек.

Ауданға білім саласына едәуір инвестиция келуде. Жеке кәсіпкерлердің қолдауымен типтік, заманауи үлгіге сәйкес, жаңа білім ғимараттары бой көтеруде.

Ал инвесторлар есебінен ауданда 17 жекеменшік мектептің құрылысы басталған. Қазір оның 12-сі (Қайнарбұлақ-1, Манкент-6, Қарабұлақ -2, Қарамұрт-1, Ақсукент-1, Қарасу-1) пайдалануға берілді.

Атап айтсам;

— Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылында кәсіпкер С.Сағындықовтың қаражаты есебінен 300 орындық «Бақдәулет бастауыш мектебі»;

— Манкент ауылдық округінде Н.Сулаймановтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі әрқайсысы 1200 орындық «Әл-Фараби», «Ә.Навои», «А.Қарабаев», «Арофат ана», «Д.Қонаев»,  «Ю.Гагарин»  атындағы мектептер;

— Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Ф.Рыскуловтың қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 419 орындық «Ухуд» жалпы орта мектебі; жеке кәсіпкер М.Ахмедовтің қолдауымен жаңа типтік үлгідегі 225 орындық «Мейірбұлақ» бастауыш мектебі;

— Қарамұрт ауылында жеке кәсіпкер Ш.Шарафутдиновтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 280 орындық «Нұрлы-жол» бастауыш мектебі;

— Ақсу ауылында жеке кәсіпкер Г.Тулепбергенованың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 110 орындық «Aqsu Education» бастауыш мектебі;

— Қарасу ауылында жеке кәсіпкер Г.Алматовтың қолдауымен құрылысы жүргізілген жаңа типтік үлгідегі 150 орындық «Smart Kids» бастауыш мектебі іске қосылды.

Жайлы мектеп жобасы аясында мемлекет тарапынан 2022-2025 жылдар аралығында 7 мектеп салу жоспарланған.

Ауданда аудандық орталық аурухана және «Қарабұлақ» аудандық ауруханасы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бұл салада да жергілікті кәсіпкерлер медициналық клиникалар ашып, тұрғындарымыздың денсаулығын жақсарту бағытында өздерінің игі бастамаларын жасауда. Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, түрлі медициналық қызметтер қарастырылған. Мәселен, Ақсукент ауылында жекеменшік медицина орталығы, Манкент ауылдық округтерінде жеке кәсіпкер Ирисали Бекеновтің демеуімен «Медикал Центр Манкент» медициналық орталығында бір мезетте 250-300 науқасты қабылдай алады. Осындай кәсіпкерлеріміз Қарасу ауылында медициналық мекеменің құрылыс басталды. Құтарыс ауылында округ тұғындарын қамтитын медицина орталығын салуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу