Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЫРЫСТЫҢ КЕНІ — АЛТЫН КҮЗ!

ЫРЫСТЫҢ КЕНІ — АЛТЫН КҮЗ!

Күз мезгілі жиын-терімнің, астық пен дәнді-дақылдың пісіп, қамбаларға толатын ғажап кезі.
Биыл Түркістан төрінде өткен «ALTYN KÚZ — 2022» салтанатты мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді.
Аталмыш іс-шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды тарапынан күзгі жиын-терімнің қорытындысы жасалып, ауылшаруашылығының негізгі жетістіктері сараланып, жыл ішінде табысты жұмыс жасаған еңбеккерлер мен тиісті басшылар марапатқа лайық деп танылды.
Олардың ішінде шоқтығы биік, суырылып алға шыққан Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы өнім көлемі және сапасы жағынан ең жоғары көрсеткіштерге ие болып, үздіктер қатарынан көрінді.
Осы саладағы жетістіктер мемлекеттік қолдаулар көрсету, жаңа өзгерістер енгізу, инвестиция тарту, кәсіп ашу, екі рет өнім алу мақсатында өнімділікті арттыру бағытында жұмыстар нәтижелі жүргізіліп жатқандығының айғағы.
Ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуына септігін тигізетін негізгі сала — ауыл шаруашылығы. Бүгінде шаруашылық түрленген, ілгері дамыған. Әсіресе, аудан ет өнімдерін экспорттаудан республика бойынша бірінші орынды алады деп айтсақ, артық айтқандық емес. Жылдан жылға үй іргесіндегі отбасылық шаруалардан бастап үлкен мал бордақылау алаңдарына дейін ашылып, олардың саны артуда.
Шаруаларымыз, диханшыларымыз бен кәсіпкерлеріміз қысы-жазы тыным таппай, барын салып еңбек етеді. Бұл біздің таңмен таласа тұрып, аянып қалмайтын еңбекқор жерлестеріміздің жетістігі деп білемін.
Ендеше, күзгі жиын-терімді ойдағыдай аяқтаған, барша ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің табанды еңбектерінің арқасында ауданымыз биыл екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп, марапатқа қол жеткізді. Бұл Сайрамдықтар үшін қуанышты жағдай әрі табысты жыл болып отыр.
Еңбектің қазанында қайнаған барша ағайынды айтулы жетістіктермен құттықтай отырып, кәсіптеріңізге береке берсін демекпін! Ылғи да мол өнімге қол жеткізіп, ауданның игілігі үшін ауызбіршілікпен, ынтымақпен күн кешіп, табысты еңбегімізді жалғастыра берейік!
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров.

Пікір жазу