Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда «Қариялар – жаны дархан дариялар» атты іс-шара өтті

Түркістанда «Қариялар – жаны дархан дариялар» атты іс-шара өтті

Елімізде  1 қазан — Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі.  Бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.

Осыған орай, 4 қазан күні Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен 1 қазан — Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне орай «Қариялар – жаны дархан дариялар» атты тақырыпта қазыналы қарттармен кездесу болып өтті.

Іс шараның мақсаты — жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Іс шара барысында  Сабыр Рахимов мектеп мұғалімі Сыздықов Розмухаммад, кітапханашысы Нишанова Наргиза, №26 мектебінің 8 сынып оқушылары Тұрсынбай Балкерім, Тажиддинова Нұргул, Дүйсенбай Тоғжан қатысып, қарттарға деген жылы лебіздерін білдірсе, С. Рахимов мектеп оқушылары Рахимжанов Алимардон, Мухаммаджанов Ахмаджан, Толқинов Сардор, ата -әжелерімізге жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берсе, Идрисов Розмухаммад «Секіртпе», Бейсенбай Айбарлы «Көңіл толқыны» күйлерін тебіренте орындаса, С.Рахимов мектеп мұғалімі Сыздықов Розмухаммад «Ана» әні, Тұрсынбай Балкерім  «Қарттар асыл қазынам» атты арнауын  орындады. Кеш соңында оқырмандар «Қарттар — біздің  асыл қазынамыз» атты тақырыпта кітап көрмесімен танысты.

Айта кетейік, 1 қазан — Халықаралық қарттар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде осы күні жыл сайын атап өтіледі.

 

Пікір жазу