Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТЕАТР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТЕАТР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін еліміздің ұлық мерекесі «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен Түркістан облыстық мәдениет басқармасының «Түркістан музыкалық — драма театры» МКҚК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында мерекелік шара өтті.
Түркістан музыкалық — драма театры 2021 жылы ашылған. Ашылғанына көп уақыт болмаса да театрдың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Мұның бәрі – театрда еңбек ететін түрлі кәсіп иелерінің тынымсыз еңбегінің жемісі. Бүгінде театрда жалпы саны 156 қызметкер еңбек етсе, оның 138-і кәсіподақ мүшелері.
Салтанатты шарада сөз алған Жандос Шайдулла бастауыш кәсіподақ ұйымымен әлеуметтік әріптестік жылындағы атқарылған жұмыстарын тілге тиек етіп, театрдың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Индира Ибраеваға тынымсыз еңбегі үшін алғысын айтты. Сондай-ақ барлық қатысушыларды 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Іс-шара ары қарай марапаттау миссиясымен жалғасып, онда театр директоры Әлімхан Мырзахан мен қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла үздік деп танылған бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің және театр бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Пікір жазу