Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қадірлі отандастар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1991 жылы 1 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз Президентін сайлап, дамудың жаңа жолын таңдаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың даңғыл жолына бет түзеді.

Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Ұлы Қазақстан – әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің көптеген өркениетті елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ұлы Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралады, өзінің көпқырлы саясатын қалыптастырды, ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізді.

Ұлт Көшбасшысының биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы ұлттық идеологияның, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын да белгіледі.

Қадірменді қауым!

Сіздерді осынау қуанышқа кенелткен мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Е.Айтаханов,
Отырар ауданының әкімі

Пікір жазу