Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН БЕКІТКЕН ЕЛБАСЫ»

«ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН БЕКІТКЕН ЕЛБАСЫ»

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды.

Сондай-ақ, көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, Тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасының» бейнесін сан-қырынан көрсете білген фотосуретшілердің өнеріне өзіміз де тәнті болып қайттық.

Аталған іс-шараға облыс əкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары, облысымыздың аудандары мен қалаларынан келген зиялы қауым өкілдері қатысты.

Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу