Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » СҮЙІНШІ! ЕР ЕСІМДЕРІ ЕЛЕНДІ!

СҮЙІНШІ! ЕР ЕСІМДЕРІ ЕЛЕНДІ!

е-04 Конаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №162 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1 театрға, 1 кітапханаға, 1 колледжге және 13 мектепке жаңа атау берілді. Солардың арасында есімдері ескерілген:

Сұраншы батырдың – Сайрам ауданындағы №97 жалпы орта мектебіне;

Толыбай батырдың – Сарыағаш ауданындағы №141 жалпы орта мектебіне;

Абдраш Назарбековтің – Шымкент қаласындағы №87 жалпы орта мектебіне;

Расул Исетовтің – Түркістан қаласындағы №20 жалпы орта мектебіне;

Нәзір Төреқұловтың – Мақтарал ауданындағы №121 жалпы орта мектебіне;

Дінмұхамед Қонаевтың – Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектебіне;

Манап Өтебаевтың – Жоғарғы жаңа технологиялар колледжіне;

Сүйерхан Базарбаевтың – Сайрам ауданындағы бұрынғы №61 Г.Титов атындағы негізгі орта мектебіне;

Асанбай Асқаровтың – Түлкібас ауданындағы бұрынғы «Алғабас» жалпы орта мектебіне;

Әжімұқан Қасымбековтің – Отырар ауданындағы бұрынғы Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектебіне;

Байырбек Садықовтың – Түлкібас ауданындағы бұрынғы «Құралай» жалпы орта мектебіне;

Лашкар Тәжібаевтың – Төлеби ауданындағы бұрынғы Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебіне;

Рақымжан Қошқарбаевтың – Сарыағаш ауданындағы бұрынғы №91 М.Горький атындағы жалпы орта мектебіне;

Райымбек Сейтметовтің – Түркістан қаласының сазды-драма театрына есімдері берілді.

Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы №77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі – №77 Тұран жалпы орта мектебі, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы заңды түрде Отырар кітапханасы деп аталатын болды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу