Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «РЕСМИ ӨКІЛ» ҚАЙДА ЖҮР?

«РЕСМИ ӨКІЛ» ҚАЙДА ЖҮР?

САУАТСЫЗДЫҚ САЛҚЫНДАТАР САНАНЫ…

Әйгерім Жұмағұлованың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мына сурет жарияланыпты. Қасында Оңтүстік Қазақстан облысын да, оның басшыларын да барынша қаралап жүрген Динара Бекболаева да бар. Сонда қала әкімдігінің «ресми өкілі» Динараның облысымызға қарсы ұстанымдарын астыртын қолдап жүргені ме, қалай?
Осыдан төрт күн бұрын «метеорологтар 26-29 аралығында үскірік Шымқалаға қарай ойысатынын ескертеді» деп жазып, «шымкенттіктер бір-біріне жылулық танытып, көшеде тоңып тұрған егде жастағы азаматтар мен балалардың, жалпы қала тұрғындарының жанынан елеусіз» өтпесін деген Әйгерім, сол «жылулықты» танытпай, өзі қайда жүр? Әлде қаланың тағдыры оған бәрі-бір ме?

НУ, Я НЕ МОГУ, ЕЙ-БОГУ!..

Қаламыз бір жағынан бұрын-соңды болмаған аязға тап болайын деп тұрғанда, тойханаларымызды айдың-күннің аманында өрт шалып жатқанда, қаланың «ресми» қызметкерлері емін-еркін елді аралап кетуге ерікті ме? Оған басшылары тарапынан рұқсат берілген бе, әлде құпия тапсырмасы бар ма? Д.Бекболаеваға облысымыз туралы «құнды» ақпаратты жеткізу үшін кетті деген ойдан аулақпыз, әрине. Десек те, мына жағдайда Әйгерімнің қаламызда емес, тыс жерде жүргені жараспай тұрғандай.
Бірақ, өзінің парақшасында «Тұрағым Астана» деп жазып қойыпты. Жұмысқа Елордадан қатынап жүр ме екен? Мемлекеттік қызметшінің өтірік мәлімет жариялап отырғанына қала әкімдігі қалай қарайды екен? Сол жағы да түсініксіз…

Ә.Ә.

Пікір жазу