Басты бет » Болашақ » КӨШ БАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР – 01

КӨШ БАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР – 01

Таныс болыңыздар:
Данияр Дармен, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау» бөлімінің басшысы.

23 наурыз 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген талантты жас Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі оқуын тәмамдаған соң, Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы ретінде еңбек ете бастаған.

Іскерлігі мен жауапкершілігі жетелеген жастың өзіне тиесілі бағдарламалар мен жобаларда облыста және Республика деңгейінде 1 орынды үздіксіз ала бастағаны өмірлік тәжірибесі бар көп адамды таң қалдырды, көп адамды тамсандырды. Мысал келтіретін болсақ, ол қолға алған «Бастау бизнес» жобасы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа арналған.

Аудандардағы менеджерлер облыстағы басқа басшыларға қарағанда, үлкенмен үлкен, кішімен кіші бола білетін Дармен Даниярға деген ықыластары ерекше. Түсінбестік жағдай орын алып жатса, маманның орнына өзін қойып, жағдайдың оң шешілуіне ықпал ететін ерекше қасиеті де жоқ емес. Осыдан бірнеше күн бұрын Даниярға үлкен сенім білдіріліп, ол ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары болып тағайындалды. Қызметі құтты болсын, жұмысы жемісті болсын деп тілейік!..

Мінеки, «жас келсе, іске» деген қағиданы өз тиянақты тірлігімен дәлелдеп жүрген бір азаматымызды таныстырдық. Сіздердің де айналаларыңызда Данияр Дармен сияқты азаматтар бар шығар? Бар болса, хабарласыңыздар, біз елге таныстырайық!..

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*