Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » NAR TV – НАР-ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА!

NAR TV – НАР-ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА!

1981 жылғы Дəурен Дүйсебаев (Даурен Болыс) Nar Tv арнасының директоры болып тағайындалды.

Еңбек жолын облыстық жастар ісі жəне ішкі саясат басқармасында əдіскер ретінде бастаған Дәурен-ініміз, «Барыс» газетінде тілші, жауапты хатшы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, ОҚО табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасында бас маман, ОҚО қаржы басқармасында бас маман, ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметінде бас маман, бөлім бастығының м.а., ОҚО жастар саясаты мəселелері басқармасында бөлім бастығы, TVK телеарнасында журналист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бас кеңесші, бас сарапшы, Аgro tv телеарнасы директорының орынбасары қызметтерін атқарып, Сайрам ауданы əкімінің баспасөз хатшысы ретінде абыройы асқақтап тұр.

Әріптес бауырымызды шын жүректен құттықтап, оған шығармашылық табыс, мәртебесінің биіктей түсуін тілейміз.

Жазар көбейсін, Даурен Болыс!

Ә.Ә.

Пікір жазу