Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «ТҰҒЫРЫ БИІК ӨНЕРІМ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«ТҰҒЫРЫ БИІК ӨНЕРІМ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Рухани құндылықтарымыздың алтын көмбесіне айналған Оңтүстік өлкесінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өскелең ұрпақтың санасында рухани үдерісті жаңғырту мақсатында облыстық орыс драма театрында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «ТҰҒЫРЫ БИІК ӨНЕРІМ» атты жобасының бастау алу салтанатты концерті өтті.

Рухани жаңғыруды сипаттау, патриоттық сананы ынталандыру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр, эстрада және сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көркем күй өнерінің даңқына дақ түсірмей болашаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған концертте «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен «Тұмар» фольклорлық ансамблі, сонымен қатар, «Алаш» аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен заманауи эстрада туындылары мен ұлт ерекшеліктерін айқындайтын дәстүрлі әндері мен күйлері және халықаралық, республикалық би байқауларының лауреаты «Қазына», «Тұмар» би ансамбльдері әлем халқының ұлттық билерін өз нақышында орындады. Шара барысында қазақтың «100 жаңа есіміне» енген, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бір жасар Мейірлан Досжанұлының қазақ халқының салт-дәстүріне сай тұсауын кесті.

Сонымен қатар, «Тұғыры биік өнерім» жобасы аясында наурыз айында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында композитор Ш.Қалдаяқовты еске алу мақсатында «Өмір өзен» атты концертін, «Фиркан», «Шымкент Плаза» демалыс және ойын-сауық орталықтарында Скрипкашылар ансамблінің әлемдік және қазақстандық композиторларының классикалық шығармаларынан концерт, облыс аумағындағы аудан, қалаларда «Туған жер» бағыты бойынша «Туған жер-алтын бесігім» атты филармония әншілерінің өз ауылдарындағы қайырымдылық концерттері жəне «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі қазақ күйшілерінің күйлері, әлем және заманауи қазақ композиторларының шығармаларынан концерті, халықаралық байқаулардың лауреаты «Қазына» би ансамблінің 30 жылдық мерей тойына арналған концерт, филармония залында «100 жаңа есім» бағыты бойынша танымал айтыскер ақын Б.Шойбековпен кездесу, «Жаңғырық» атты «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қаласындағы 1,2,3 саз мектептерінің оқушыларымен бірлескен концерт, «Фиркан», «Шымкент Плаза» демалыс және ойын-сауық орындарында флешмобтар өткізу жоспарлануда.

Мәдина Айтпенбетова

Пікір жазу