Басты бет » Көкейтесті » ТІЛ. ТІЛДІ БІЛ!..

ТІЛ. ТІЛДІ БІЛ!..

Фото Әсета Әссанди.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – филология ғылымдарының докторы екені баршаға белгілі. Нағыз филолог-ғалым ретінде кез-келген жағдайда ұтымды сөздерді тауып айтады. Әсіресе, алқалы жиындарда қағазға сүйенбей сөйлейтіні ұнайды. Естеріңізде болар, облысымыздың алғашқы әкімі Марс Фазылұлы Үркімбаев та ғалым болатын, ол да Бәйдібек ауданының тумасы еді.

Халықпен есепті кездесуінде Жансейіт Қансейітұлы қордаланған көптеген мәселелерге тоқталып өтті. Алайда, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілімізді құрметтеу керектігі жөнінде бір ауыз сөз арнаған жоқ. Бәлкім, ол мәселе арнайы айтылмаса да, солай болуы тиіс болғандықтан шығар. Енді осыны Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұқса болар еді…

Ә.Ә.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*