Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ИМИДЖ, РЕЙТИНГ ЖӘНЕ САУАТ ДЕҢГЕЙІ

ИМИДЖ, РЕЙТИНГ ЖӘНЕ САУАТ ДЕҢГЕЙІ

Фото Әсета Әссанди.

Шымкент қаласы әкімдігінің имиджі мен рейтингіне оның баспасөз қызметі (жетекшісі – суреттегі Әйгерім Жұмағұлова) ресми хабарламаларында жіберіп жүрген өрескел қателері нұқсан келтірмесе екен деп тілеп жүрміз. Нұқсан келтірмейтін шығар деген үмітіміз де бар. Өйткені, мемлекеттік тілімізге деген шын жанашырларымыз күннен күнге азайып бара жатқандай. Сауаты төмен болса да, бір адам мемлекеттік қызметте, басшылық лауазымда жүре тұрсын деп тұрғандаймыз. Қала әкімдігінде де намыстанып бара жатқан адам шамалы сияқты. Осындайда «Тіл жанашыры» медалін «жалынып-жалпайып сұрап алғандар» қайда жүр екен?

Фото Әсета Әссанди.

Ал, Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Әйгерім Жұмағұлованың жалған жанашырларына айтарым: «Жас қой, үйренеді, тәжірибе жинақтайды, әлі-ақ дұрысталады!» деп мен де ойлап жүргенмін. Ойлап қана жүрген жоқ едім, шынайы жанашырлығымды білдіріп, Әйгерім осы лауазымға тағайындалған 2016 жылдың жазынан бастап қол ұшымды созып, оған ресми жазбаларда қате жіберуге болмайтыны жөнінде жеке талай жазып, бірқатар қателерінің жөнделуіне себепші де болған едім. Екеуара мына әңгіме де 2016 жылдың жазында орын алған болатын. Әйгерімнің өзі де «қайталанбайды» деп уәде берген. Алайда, өкінішке орай, сауатсыз жазбалар азайған жоқ, керісінше үдей түсті…

Қанша әдемі, қанша жас, қанша аянышты болса да, мемлекеттік тіліміз мен үшін Әйгерімнен қымбат!..

Ә.Ә.

Пікір жазу