Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТАН БЕС ХАБАР

ҚАЗЫҒҰРТТАН БЕС ХАБАР

1. «Алғыс айту» күніне орай аудандық мәдениет сарайында «Мың алғыс саған, Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев жиналған көпшілікті «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бір топ азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Мерекеде өзбек, татар, иран ұлтының өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын білдірді. Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен әншілер Н.Қожатов, Г.Ерменбай өз өнерлерін ортаға салды.

2. Қазығұрттықтар Көктемнің алғашқы таңын атырған, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызда бейбітшілік пен достықты кие тұтқан халқымыз Алғыс айту күнін атап өтті. Алғыс айту күні – елімізді бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. «Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі ұлттардың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақтар тар заманда басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді», – дейді аудан басшысы.

3. Қазығұрт ауданы орталығынан халықты бұқаралық спортқа тарту «Фитнесс» залының құрылтайшысы Мади Тайсалов шараға қатысушыларды залдың жұмыс тәртібімен таныстырды. Орталықта бірнеше жаттығуларды орындауға арналған тренажерлер, адамның бұлшық еттерін шынықтыратын арнайы велосипедтер, зілтемірлер, гантельдер, бір орында тұрып қозғалыс жасайтын жүгірме жолдары да орналасқан. «Бұл ғимарат аудан тұрғындарына қызмет көрсетуші бірден-бір орын болады», – дейді құрылтайшы.

4. Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, ұлттық бірегейлігімізді сақтап, ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында 1996-2000 жылғы жастар арасында командалық көкпардан аудандық турнир болып өтті. Жарыс қортындысы бойынша 1-орынды С.Рақымов ауыл округінің командасы, 2-орынды – Алтынтөбе ауыл округінің командасы, 3-орынды – Жаңабазар ауыл округінің командасы иеленді.

5. Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Рабат ауылдық кітапханасында өткен Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын»
ең көп оқитын оқырмандар арасында «Ақылды қала – Астана, Мәңгілік елге – Бас қала» атты аймақтық байқауы өтті.

Өз тілшімізден

Пікір жазу