Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбында музей ұжымымен бірлескен кездесу өткізді. Айтулы шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған жер қасиетін арттыру, оның ішінде құнды жəдігерлерді сақтау мен тарихы жөнінде кеңінен насихаттау, кемел келешек пен оған жетер қадамдар жөнінде ой-бөлісіп, нақтылауға арналды.

Іс-шарада қорық-музей директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысатындығы жөнінде мəлімдеді. Сонымен қатар, ұжымның бірлескен тынымсыз еңбегі өз жемісіне де ие екендігін жеткізді. Алдағы уақытта да атқарылар істер аз емес. Əрбір ізденіс пен жүзеге асырылған жоба-жоспарлар ел ертеңі үшін маңызды екендігін де музей басшысы баса айтты.

Жиында «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясы үшін ерекше мәні бар маңызды күн. Еске сала кетсек, бүгін — 1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні, яғни, 19 жыл толып отыр», – деп, «Алғыс айту күнімен» барша қонақтарды құттықтады. Айта кетсек, 1999 жылдың 1 наурызда жаңа партияның І құрылтай съезі өтіп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланғаны белгілі.

Шара барысында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлары, фил. ғ.д. Б.Сердәлі, фил. ғ.д. С.Садықов, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бас редакторы Ә.Манапов және Тарихи ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімінің меңгерушісі М.Тұяқбавтар сөз сөйлеп өз пікірлерін білдірді. Жиынды қорытындылаған қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов партия мүшелеріне және келген қонақтарға сәттілік тілеп, музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу