Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 1,5 МИЛЛИОН ТҮП КӨШЕТ

1,5 МИЛЛИОН ТҮП КӨШЕТ

Қазығұрттық «Сайдусман  ата» шаруа қожалығы биыл 1,5 млн. түп көшетті өндіретін болады. Аталған кооператив 3 гектар жылыжайда көкөніс өнімдерін өсіріп, бау-бақша көшеттерін дайындаумен айналысып келеді.  Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері аудандағы шаруа қожалықтардың жұмыстарымен танысты.

Тілшілер  алдымен Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округіндегі бақша өнімдерімен айналысатын  «Сайдусман  ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жеті бірдей отбасы мүшелік ететін қожалық 2012 жылы құрылған. Қожалық төрағасы Сайдалы Тұрсынов жобаны бастауға жеке қаражатынан 45 млн. теңге жұмсаған.

«2017 жылы 500 мың түп көшет дайындалды. Ал 2018 жылы 1,5 млн. түп көшет дайындап,  облыс көлемінде сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2017 жылдың бірінші маусымында 2,5 гектар жылыжайға қызанақ егіп, 210 тонна өнім алсақ, екінші маусымда сол орынға қияр егіп, 140 тонна өнім жинадық. Тауарымызға деген сұраныс Астана, Алматы қалаларынан бөлек, Ресейден түсіп жатыр», – деді Сайдалы  Тұрсынов.

Қазіргі таңда қожалықта 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 40 адам маусымдық жұмыстарға тартылады. Орташа айлық жалақылары 50 мың теңге көлемінде. Қожалық иесі алдағы уақытта шаруашылығын мал бордақылау алаңы мен интенцивті баумен толықтыруды жоспарлап отыр.

БАҚ өкілдері кейін Тұрбат ауылдық округіндегі мал бордақылаумен айналысатын «Сайдахмат ата» шаруа қожалығына аялдады. 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық бүгінде 200-ге жуық ақбас тұқымды ірі қараны бағып отыр. Мал бордақылау алаңын іске қосуға 15 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Оның 3 млн. теңгесін Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан несиеге алған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу