Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БАЛАБАҚША

100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БАЛАБАҚША

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында «Меруерт Ана» балабақшасы пайдалануға берілді. Енді елдің қуанышына айналған ғимаратта 100 бала тәрбиленетін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында ауданның жұмысымен танысуға барған БАҚ өкілдері балабақшаның ашылу рәсіміне қатысып, қуанышқа ортақтасты.

Кәсіпкердің өз қаражатымен салынған балабақшаға 50 млн. теңге қаржы жұмсалған. Заманауи технологиямен қамтылған бөбекжайда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Нысанның жалпы жер аумағы 0,45 гектарды құрайды. Кәсіпкер А.Исакулова балабақшаны «Балапан» бағдарламасы аясында салғанын айтады.

«Бүгінде балабақша 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Жалпы мекеме бөбекжайға арналған барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, балаларды тасымалдауға арналған 1 дана Газель автокөлігіміз бар. Енді осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балғындарымызға сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысамыз», – деді Адас Исакулова.

Жалпы Қазығұрт ауданында 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 2017 жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Балапан» бағдарламасымен 33 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде балаларды балабақшамен қамту деңгейі 87,5 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайыздан асыру көзделген.

Өз тілшімізден

Пікір жазу