Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «ОТЫРАРДЫ ҚОРҒАУ» ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДАН СЫР ШЕРТЕДІ

«ОТЫРАРДЫ ҚОРҒАУ» ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДАН СЫР ШЕРТЕДІ

Көне Отырар қалай күйреді? Оған шабуыл жасаған кім еді? Отырар кітапханасының ізі қайда жатыр? Отырарды қорғаған қаһармандарымыз туралы не білеміз? Олардан қалған ұрпақ бар ма?

Көне заман тұңғиығынан бізге осы сауалдардың жауабы жетті ме? Әлде сол күйі тарих қойнауында қалып кетті ме екен? Бәлкім, әлемдегі көптеген мұрағаттары көне Отырардың тағдырына байланысты құнды жәдігерлерді сақтап қалды ма екен?..

Қалай болғанда да, Шымкенттегі «САҚ» киностудиясы ғасырлар бойы жауапсыз қалып келе жатқан тарих ақтаңдақтарына күні бүгінге дейін жеткен деректерге сүйеніп бірқатар анимациялық фильмдері арқылы жауап беруге тырысуда. Сондай фильмдердің бірі – жуырда ғана тұсауы кесілген «Отырарды қорғау» деп аталатын тарихи туынды.

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері «САҚ» киностудиясы 50-ден астам анимациялық фильм, 28 деректі, балаларға арналған «Томпақ», «Қалқанқұлақ» секілді телесериал және «Көне Жетігеннің сыры» атты 10 сериялы кинохикаяны дүниеге әкелді. Елбасымыз жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қажымұқан», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдерді түсірді.

Ұлттық рухты көкке дейін көтеретін осындай фильмдерді Қазақ еліне паш еткен киностудияның шығармашылық қызметкерлеріне Алланың нұры жаусын!..

Ә.Ә.

Пікір жазу