Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚОБЫЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ҚОБЫЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақ халқының ежелден келе жатқан көне аспаптарының бірі қобыз екендігі белгілі. Оның таңқаларлық пішіндегі ғажайып сазы кім-кімді де бей-жай қалдырамасы анық. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың атымен тікелей байланысты. Қобыз жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалатын болған. Құрылымы қауыз тәрізді. Қобыздың басы, екі құлағы, иілген мойны, төмен жағында терімен қапталған шанағы, аттың қылынан жасалған қос ішегі, тиегі және ысқышы болады. Дыбыс ішек пен ысқыштың үйкелісінен шығады. Қобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының ішкі тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ теңгешелер шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейте түсу үшін әдейі темір теңгешелер тағатын болған.

“Қобыз” сөзінің аспаптың құрылымына қарай туғанын көреміз. «Нарқобыз – жорыққа шыққанда қолданылған аспап. Жауға ат қояр кезде нарқобыз сарыны естілген. Ол батырларға күш-жігер беріп, ерлік істерге рухтандырып отырған. Оның ізі “Қорқыт ата кітабында” сақталған. Месқобыз, жезқобыз, желқобыз – аспаптың түр-түсіне қатысты атаулар. Бұл тұста олардың дыбыс шығару ерекшелігі мен этногр. сипаты байқалады. Шаңқобыз – жер жүзі халықтарының басым көпшілігінде кездесетін аспап. Қазақ халқының этнографиялық дәстүрі мен этнографиясына ең жақыны – қылқобыз десек болады. Қорқыт жырларында қобыз аспабы мадақталады. Әрбір оғыз батыры өзімен бірге қобыз аспабын алып жүрген. Ерте дәуірде барлық жырлар қобыздың сүйемелімен айтылған. Шоқанның көрсетуінше, қобызбен жыр айтқан ең соңғы жырау – Жанақ. Қобыз сарындарын бізге жеткізген Ықылас Дүкенұлы, Нышан Шәменұлы, т.б. Бері келе қобыз сарыны шертпе күй дәстүрінің тууына елеулі ықпал еткен. Оның үн-әуенін домбыраға түсіргендердің бірі Сүгір болатын»,-деп жазады massaget.kz порталында.

Қобыздың тектері 40-тан астам аттың қылынан тартылады екен. Түркі халықтарына ортақ Қорқыт бабамыз туралы небір аңыздар бар. Қазақтың кең даласында осы бабамызға арналып үлкен ескерткіш (Қызылорда облысы Шиелі ауданында) орнатылғаны бар. Қобыздың үлгісінде жасалған бұл ескерткіш жел екіпінімен ерекше үн шығарып, сазды әуенге басатындай. Жерұйығын іздеген Қорқыт бабамның қобызының үні сайын дала төсінде әуезді сазын шертіп тұрғандай…

Осындай қылқобыздың түрлері Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейінде де сақталған. Келіңіздер, көріңіздер!

Жұматаева Кәусар Байдуллақызы,
Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы

Пікір жазу