Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҰЛЫ ҚЫПШАҚҚА ҚОЙЫЛҒАН ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЕСКЕРТКІШ

ҰЛЫ ҚЫПШАҚҚА ҚОЙЫЛҒАН ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЕСКЕРТКІШ

Атырау қаласының орталығында Әйтеке би көшесінде облыстық әкімдік ғимаратының алдында аңызға айналған тұлға, жауынгер және мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарысқа (толық есімі Сұлтан Бейбарыс әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс әл-Бұндуқтари әс-Салих) арналып орнатылған ескерткіш бар. Бұл – Мысырдың билеушісі болған ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш екенін ерекше атап өткен абзал.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Сұлтан Бейбарыс туралы:

«Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен Мысыр еліне барғанымда Бейбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім».

Пікір жазу