Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚҰРМЕТТІ АРЫСТЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Фото Арыса Қаласы Әкімдігі.

Халқымыз Ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мерекесі.
Баршаңызды осы ұлық мерекемен Арыс қаласы әкімдігі және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.
Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Әз-Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды.
Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді.
Түсінікті ту етіп, елді бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесінің татулығы жарасқан еліміз үшін маңызы ерекше.
Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күннен үмітін үзбеген.
Бүгінін болашағымен байланыстырып, бар ізгіліктің бастауын игі ниеттен іздеген.
Сондықтан, тіршілік жаңаратын Наурызда әр адам жақсылыққа ниет етуі тиіс.
Даласындай дархан халқымыз бүгінде Тәңірі берген табиғи жаңа жылын айрықша салтанатпен қарсы алуда.
Әз-Наурыздағы барша тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек.

Пікір жазу