Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ағайын, қадірменді отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – барша түркі халықтарына ортақ той. Наурыз – ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да, мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн – шаттық пен қуанышқа толы мереке.
Наурыз жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы! Тарихи тамырын тереңнен тартқан Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген. Олай болса, халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің рәмізіне айналған Наурыз мейрамы құтты болсын!
Қарт Қаратау мен сұлу сырдың бойында орналасқан қасиетті қаламыз Түркістан да қанатын кеңге жайып, жылдан жылға түрленіп келеді. Тарих болып өткен жылдар ішінде баршамыздың ынтымағымыз бен берекелі ісіміздің арқасында қала аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, құрылыс, жол, коммуналдық және көлік қатынасы сияқты аса маңызды салаларды қолға алдық деп нық сеніммен айта аламыз. Қымбатты әлеумет!
Сіздерді Ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті мереке елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ізгі ниетпен,
ТӘЖІБЕК ҚАЛМАНҰЛЫ МҰСАЕВ, 
Түркістан қаласының әкімі

Пікір жазу