Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕГІ «АШЫҚ АСПАН» – АДАМЗАТҚА ҒАШЫҚ АСПАН!

ШЫМКЕНТТЕГІ «АШЫҚ АСПАН» – АДАМЗАТҚА ҒАШЫҚ АСПАН!

Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасы ерекше іс-шарамен есте қалды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ashyq Aspan»халықаралық әуе шарлары фестиваліне Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің үздік әуеде бағыттаушы мамандары жиналды.
ashyk-aspan-fest
Қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен алғашқы іс-шара елімізде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Әуе шарлары фестивалінің бастамасы ретінде есте қалған мұндай халықаралық жарқын іс-шара әлемнің АҚШ, Түркия, Ұлыбритания мен Швейцария секілді дамыған елдерінде ұйымдастырылып, оған жүздеген мың туристер қатысады. Ал ТМД елдері аумағында тек Ресейдің Великие Луки және Украинаның Каменец-Подольск қалаларында өтіп тұрады.

Шымкенттегі фестиваль кезінде аспанға 15 алып әуе шары ұшырылып, көрермендерге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында мереке қонақтарына тəжірибелі пилоттар шарды əуеде бағыттау бойынша шеберлік-сабақтарын көрсетіп, ұтыс ойындары ойнатылды. Флешмобтар мен фотосессия ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары фестиваль жақсы әсер сыйлады. Көрермендер әуе шарларының аясында суретке түсіп, әлеуметтік желіде жариялап жатты. Фестивальге қатысушылар да іс-шараның ұйымдастырылу деңгейіне разы болды. Олардың пікірінше, Шымкент қазақстандық әуе шарларын ұшырушылардың отанына айнала алады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларының бірі – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Ал бұл тұста бәсекеге қабілетті елдерден тек экономика ғана емес, ішкі және сыртқы туризм саласын дамытуда да үйренеріміз көп. Соның бірі – спорттық-мәдени іс-шара саналатын әуе шарлары фестивалі. Осындай ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру елімізге саяси имиджіне абырой болары анық. Осы орайда Шымкент қаласы туристер үшін аса қызғылықты фестиваль ұйымдастырып, біршама үлес қосты. Ал халықаралық фестивальдің атауы да жай таңдалған жоқ. Ашық аспан – бейбіт өмірдің, Қазақстандағы достық пен шынайы қонақжайлылықтың белгісі.

Бұл күні кеш қонақтарын тағы бір тосын сый күтіп тұрды. Фестиваль соңында түнгы жарық шоуы ұйымдастырылып, елімізге әйгілі «Молданазар» тобының қатысуымен концерт өтті. Айта кету керек, ауқымды мерекелік іс-шараның соңы осылай аяқталуы соңғы уақытта жағымды дәстүрге айналып келеді. Мысалы, Англияның Бристоль қаласында өтетін әуе шарлары фестивальдерінің көбісі де дәл осындай түнгі жарық шоуымен аяқталады.

Редакция

Пікір жазу