Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!

«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!

Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігінің жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтады.

Өткен жылдың маусымында Шымкент шаһарында ашылған өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда да бірқатар шетел компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«KAZAKH INVEST»-тің негізгі міндеті әрбір инвестициялық жобаны идеядан дайын өнім шығаруға дейін толық қолдау болып табылады. Өңірлік өкілдік шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі арқылы қолдау білдіріп,  келісім және визалық рұқсаттамалар алуға көмектеседі.  Сонымен қатар шетелдік инвесторлар үшін жергілікті жобалардың деректер базасын қалыптастырумен айналысатын болады.

Жалпы Оңтүстікке, оның ішінде Шымкент қаласына инвестиция тарту жұмыстары соңғы жылдары қарқын алып келе жатқаны жасырын емес. Бұл көрсеткіш бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда келе жатқанымыз да қуантады. Инвестиция тарту арқылы қаламыздың инфрақұрылымы да, сырт бейнесі де, тұрғындарының әлеуеті де артатыны жасырын емес. Ендеше, осы жауапкершілік жүгін мойнына артқан “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ-на сәттілік тілейміз.

Өз тілшімізден

Пікір жазу