Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ

ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ

Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда  тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы «Ұлы Дала» бастамашыл тобының ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге жиналғандар осы мәселеге кеңінен тоқталды.

– Жалпы, шараның мақсаты – қоғамды өңір туризмін дамыту жолдарын және бүгінгі қалыптасқан үрдісті талқылауға шақыру, сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен қатар, шетелдіктер үшін де өңірдің тартымдылығын арттыру мақсатында жаңа идеяларды ұсыну болып табылады, – дейді облыстық туризм қауымдастығының басшысы Олжас Шынтаев.

Жиынға жергілікті өлкетанушы ғалымдар, тарихшылар, өнер және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ, туристік компания өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Шымкент қаласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасындағы ережелердің өзектілігін атап өтті. Олар жергілікті биліктің инфрақұрылымды жаңғыртуға, қауіпсіз, ақылды қала құруға, өңірдің туристік мүмкіндіктер кешеніне айналатын жаңа Шымкент брендін жасап, оны алға тартуға деген ұмтылысын бірауыздан қолдайтынын білдірді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу