Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕЛ ТІРЕГІ, ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

ЕЛ ТІРЕГІ, ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Ақылды қала – Астана, Мәңгілік елге – Бас қала» атты аудандық байқауы өтті. Байқау ҚР-сы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, оқырмандарға кеңінен насихаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ оқырмандарды кітапты құрметтей білуге баулу, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру, ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

2018 жылы елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай, балалардың Елорда туралы түсініктерін кеңейту, Отанымыздың бас қаласы Астанаға деген мақтаныш сезімдерін оята отырып, балалардың бойындағы талаптарын одан әрі жетілдіруде 2 кезеңде өткізілген байқауға 13 ауылдық округтен 17 оқырман балалар қатысып, байқау шарттары бойынша сайысқа түсті.

Байқауға қатысушыларды Отырар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елтай Үмбет Базарханұлы құттықтап, сәттілік тіледі.

Үміткерлер «Өзін өзі таныстыру», «Өз өнерін көрсету» (Астана қаласына арналған ән, күй орындау, сахналық көрініс немесе өз шығармашылығынан өлең оқу), «Өлкеміздің киелі жерлерінің галереясы (Өлкеміздің киелі жерлері туралы бейнеролик арқылы сұраққа жауап беру), латын әліпбиіне байланысты сұрақтарға жауап беру шарттары бойынша сынға түсті.

Байқауға Ы.Алтынсарин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар кітапханасының директоры Бегежанова Зоя Оралбайқызы бастаған әділқазылар алқасы сарапшылық жасады. Сарапшылар үміткерлердің тіл шеберлігіне, өнеріне, сөз мәнеріне, білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударып, аудандық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Бас жүлде» иегерлері Отырар ауыл округі, Арыс ауылдық кітапханасының оқырманы, 5 сынып оқушысы Мұстафа Шоқай мен Темір ауыл округі, Темір ауылдық кітапханасының оқырманы, 9 сынып оқушысы Сейітжаппар Балнұр үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында өтетін «Ақылды қала — Астана, Мәңгілік елге — Бас қала» атты облыстық байқауға жолдама алды Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі, халқымыздың болашаққа деген сенімі. Олай болса, Ару қаламыз Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Отырар ауданы

Пікір жазу