Басты бет » Руханият » ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының əкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы ҰОС ардагерлері Бекназар Айтжан Тассейітұлы мен Қазыбаев Абылай Қазыбайұлының шаңырақтарында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтап, қарт жауынгерлерге зор денсаулық, отбасыларына молшылық тіледі, сый-сияпат табыс етті.

Шымкент қаласында жалпы зейнеткерлер саны 73087-ге  жуық болса, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері – 74, тыл ардагерлері – 4775 адам болып отыр.

Аталған санаттағы ардагерлер мен зейнеткерлер Шымкент қалалық маслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйегіндегі №7/68-6с шешіміне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша  7747 ардагерлер мен зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы қысқаша мәліметтер

Қазыбаев Абылай Қазыбайұлы 01.07.1925 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Әскер қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтті. 219-ші двизияның 2-ші гвардиялық полкінде болған, Харьков, Ворошилов Украина майдандарында Севастопольде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннигсбергтегі шайқастарға қатысты. Жеңісті Берлинде қарсы алып, 1946-1950 жж. Пушкин, Ленинград, Москва, Немецко-Советскийді минадан тазартуға қатысты. 1950 жылы әскер қатарынан босатылды.  1950 жылы СМУ-4, 1952 жылы Қорғасын зауыты, ТЭЦ-2 темір ұстасы, машинист-қазаншы болып қызмет етті.

Бекназар Айтжан Тассейітұлы 26.03.1922 жылы Төлеби ауданы, Тасарық елді-мекенінде дүниеге келген. 1940 жылы 9-шы сыныпты бітіріп, Шымкент қаласындағы 1 жылдық мұғалімдерді дайындау курсының тарих және география факультетін бітірді. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1942 жылы майданға аттанған. Украинаны, Болгарияны, Югославияны, Венгрияны азат еткен. 1946 жылы соғыстан оралып, ОҚО, Мақтарал ауданында судья қызметін атқарған. 1982 жылға дейін қызмет атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. 4 қыз, 3 ұл тәрбиелеп, 17 немере, 20 шөбере сүйіп отыр. Балаларының барлығы үйлі-жайлы. Кенже ұлы Рахымжанның қолында тұрады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*