Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР МА?

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР МА?

Шымкенттегі Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолы сонау 1979 – Халықаралық бөбектер жылы іске қосылды. Алда келе жатқан 2019 жылы тура 40 жыл толады екен. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Асанбай Асқаровтың көзіндей болып қалып кеткен осынау ғажап нысан жетім баланың күйін кешіп келді. Оның болашағы не болар екен деген сауал шымкенттіктердің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың сары уайымына айналды. Тіптен, оны толығымен бұзып тастап, орнына велосипед жолдарын салып тастау мәселесі де күн тәртібіне шығарылды…

Десек те, қала басшылығы, Шымшаһардың қазіргі әкімі Нұрлан Сауранбаев бұл күрделі мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Балалар темір жолына қатысты бүкіл мәліметтерді жинақтап, тарихымен танысқан қала басшысы мәселенің мән-жайын әбден зерделеуден өткізіп, оның қазіргі және болашақ тағдырына тікелей араласуды жөн көрді…

Күндердің күнінде «Тұрғын үі Шымкент» ЖШС-нің директоры Мұхтар Мұхамбетжанмен пікір алмасқан үшінші мегаполис әкімі: «Біз балалар темір жолының қайта жаңғыруын қалаймыз. Осы бағытта жұмыс істеп қана қоймай, балалар темір жолын құрылысы жанданып келе жатқан Shymkent City-ге дейін созсақ деген ұсынысым бар», – деді.

Яғни, жуық арада миллион тұрғыны бар үшінші қаланың балалар темір жолы қайта іске қосылып, шымкенттік бүлдіршіндердің қуанышына айналатын болды.

Әсет Әссанди

Пікір жазу