Басты бет » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНА КӨҢІЛ АУДАРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНА КӨҢІЛ АУДАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев бірқатар орынбасарларымен және бөлім басшыларымен облыс орталығындағы Балалар темір жолын бастан-аяқ жаяу аралап өтті. Ондағы басты мақсат – темір жолдың қазіргі жай-күйін өз көзімен көру, оны қалпына келтіру мүмкіндігін саралау, оның болашақтағы тағдырын түбегейлі шешу. Аралау барысында қала әкімі өз орынбасарларының, қалалық бөлім басшыларының, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің қызметкерлерінің, бірқатар БАҚ өкілдерінің Балалар темір жолына байланысты ой-толғаныстарын, жеке пікірлерін тыңдады. Балалар темір жолын түбегейлі бұзып, орнына басқа нысан құрылысын бастау керек деген жалғыз ұсыныс қана болды. Ол ұсыныс көптің көңілінен шыққан жоқ. Олар, керісінше, бұл жолдың балаларға қандай қуаныш сыйлап келгеніне, бұрындары не үшін салынғанына және бұған жаңа тыныс беру керектігіне тоқталды. Ғани Мұратбаев станциясынан басталған жаяу сапар «Тұлпар» станциясында бірақ аяқталды.

Аралаудың соңы Шымкент қалалық әкімдігіндегі мәжіліске ұласты. Мәжіліс барысында не айтылғанын айпағанның өзінде қалалықтар қуана берсе болады деп сүйінші сүрағымыз келіп отыр!

Әсет Әссанди

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*