Басты бет » Көкейтесті » НҰРЕКЕҢ – ЖАНАШЫР ЖАННЫҢ БІРІ ЕКЕН!..

НҰРЕКЕҢ – ЖАНАШЫР ЖАННЫҢ БІРІ ЕКЕН!..

Шымкент қаласының көркіне көрік қосып, айнымас белгілерінің біріне айналған Балалар темір жолының алдағы тағдырына қала әкімі Нұрлан Сауранбаев оң көзқарас танытты, деп хабарлайды DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігінің тілшілері.

Кей азаматтардың: «Бұл жолдың болашағы жоқ, оны түбегейлі бұзып тастау керек!» – дегеніне қарамастан, қала басшысы «бәріне көзімді өзім жеткізейін» деген адамдай, Балалар темір жолын тұтас – мына басынан ана басына дейін жаяу аралап шықты. Осылайша Балалар темір жолының бүгінгі күйімен танысқан Нұрлан Ермекұлы оның жұмысын қалпына келтіріп, жаңаша жандандырып жіберуге болатынына нық сенімді болды.

Ұзындығы 8 шақырымға жуықтайтын балалар көлік артериясы Орталық стадион мен Зоологиялық бақты байланыстырып келген. Ендігі жерде оны сонау «Шымкент-сити» аймағына дейін ұзарту жоспарда бар.

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры Мұхтар Мұхамбетжан:

«Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев өте батыл қадамға барып отыр. Көптеген жылдар бойы тозығы жетіп, қараусыз қалған Балалар темір жолы қайта іске қосылатын болса, ол, сөзсіз, қала әкімінің ерлікпен тең түсетін қадамдарының бірі болмақ».

Әсет Әссанди.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*