Басты бет » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен арнайы мәжіліс өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Бейсенбек Жанбосынов, Қайрат Нұртай, Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің басшылығы қатысты. Күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды – 1979 жылы пайдалануға берілген Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолының жұмысын жандандыру тиімділігі.

Мәжіліске қатысқан азаматтар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, басым көпшілігі бұл мәселенің оң шешілуін жақтайтындықтарын білдірді. Әу-бастан: «Балалар темір жолының заманы өтті, оны түбегейлі бұзып, орнына басқа нысанның құрылысын бастаған дұрыс», – деген бір ғана қатысушы мәжіліс соңына таман райынан қайтып, көпшілік пікіріне қосылатындығын қадап айтты.

Жабық есік жағдайында өткен мәжіліске Балалар темір жолына қатысты бірқатар тың ойлар да айтылды. Оған қатысты арнайы шешім қабылданбай тұрып, ол туралы ақпарат беру ертерек болғанымен, шымкенттіктерді қазірдің өзінде қуанта аламыз – Балалар темір жолы бұзылмайтын, керісінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратынан «Шымкент-сити» аумағына дейін созылатын болып тұр.

Әсет Әссанди

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*