Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.

– Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға арналған орындар пайда болды. Мұндай жұмыстар әлі де жасғасын табатын болады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аквапарк 2 гектар аумақты алып жатыр. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның екеуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Айта кетейік, «FONTAN» аквапаркі Орта Азиядағы ересектер мен балаларға арналған ең үлкен су қалашығы. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған.

   

Кәсіпкердің айтуынша, демалыс аймағында 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Тәулігіне 2 мыңнан астам келушіге қызмет көрсетуге қауқарлы. Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарлама мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңы Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Өз тілшімізден

Пікір жазу