Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі. Елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа мереке тойлануда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекі­тілген жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күні жыл сайы­н шілде айының алғашқы жек­сенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр.

Қалада Ұлттық мерекеге арналған көптеген мәдени-көпшілік шаралар өтуде.

Бүгін Шымкенттегі қоғамдық көліктерде қазақтың күйлері күмбірледі. Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра күніне» орай 74, 135 және 92 қоғамдық көліктерде домбыра күні насихатталды. Шара барысында әуенді әндер мен күмбірлеген күйлер орындалды. Өнерпаздар бір уақытта қоғамдық көлік ішін әуелеген әнге бөледі.

Күмбірлеген күй шаршаулы көлік жолаушыларының көңілін бір серпілтіп тастады. Жұртшылық флешмобты жаппай суретке, видеоға түсіріп,  ұйымдастырушыларға ризалығын білдіріп жатты. Абай ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар ауданда жиі өткізіліп, тұрғындарға әрдайым мерекелік көңіл-күй сыйлайтындықтарын жеткізді.

Пікір жазу