Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫ ТҰРАН ҮНІ ТЕРБЕТІП…

ТҮРКІСТАНДЫ ТҰРАН ҮНІ ТЕРБЕТІП…

Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып беріп, барша тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.

Ұлттық домбыра күні құрметіне 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда бір мезгілде домбырашылардың флешмобы ұйымдастырылды. Осылайша жалпы саны 3 мыңнан астам домбырашы көне ұлттық өнерімізді дәріптеп, бабалар жолына құрмет көрсетті.

Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған «Ұлттық домбыра» күнін түркістандықтар кең көлемде атап өтті. Ұлттық дәстүр мен өнерді жаңғыртып, дәріптеуге жол салатын бұл мереке  қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесімен бастау алды. Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи кесенесі алдында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестірінің концертімен жалғасса, мерекелік күн «Күй құдіреті» күйшілердің облыстық байқауымен қорытындыланды.

Ұлттық домбыра күні мерекесінің ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша тұрғындарды осынау мерекемен құттықтады.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу