Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Астана күніне арналған мерекелік кештер (видео)

Астана күніне арналған мерекелік кештер (видео)

Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіздіктің теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өткелі отыр. Осы орайда,  республикамыздың үшінші қаласы Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала-концерт пен мерекелік іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда.

Ал, құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына дайындалған мерекелік кештерден кеш қалмаңыздар!

3 шілде кешкі сағат 20:00-де Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт өтеді.

Кештің жұлдыздары — Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым, Жейран тобы, «Алем бэнд» триосы. Бұған қоса «Блок бастер» шоу-балеті, «Минута славы» жобасының жеңімпаздары мен жергілікті жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ал шілде айының 4-5-жұлдызында Әл-Фараби алаңында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырмақ. Қаланың орталық көшелері мен саябақтарда мерекеге байланысты тақырыптық мәтіндердің лозунгілері, баннерлер ілініп, безендіру жұмыстары жүргізіледі. Мереке күнінде қаланың шығармашылық ұжымдары тұрғындарға ән мен жырдан шашу шашпақ.

Ендеше, мерекені бірге атап өтейік!

 

 

Пікір жазу