Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АЛАШТЫҢ БАҚ ОРДАСЫ – АСТАНА» ШАРАСЫ

«АЛАШТЫҢ БАҚ ОРДАСЫ – АСТАНА» ШАРАСЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шара Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.


Шараның негізгі максаты — Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Мерекелік шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсетті.


Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бас редакторы Әбдікерім Манапов және бас қор сақтаушысы Нұржамал Әшірбекова мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.

© «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің баспасөз қызметі

Пікір жазу