Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

ОТЫРАРДА АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды. «Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі» деп аталатын ғимарат жерлесміздың туған ауылы Шілік елді мекенінде бой көтерген.

Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз сөйлеп, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ақын ағасына деген ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізді. Иығына зерлі шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Басқосуда Е.Садыр Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыс көлемінде көптеген игі шаралар атқарылғанын атап өтті. Солардың бірі осынау  ашылып отырған Шаханов үйінің белгілі меценат Серікжан Сейітжановтың демеушілігімен бой көтергенін жеткізді. Болашақта аталған орталықтың білім мен ғылымның, әдебиет пен өнердің ордасына айналуын тілеген облыс әкімінің орынбасары бұл орталықтың  пайдалануға беруілуі ақынның кеше, 2 шілде күні өткен туған күніне жасалған керемет сый деп білетінін жеткізді.

Мұнан соң, әлем ақыны сөз алып, өз өмірінен естеліктер айтты. Ақынның талантына бас иетін өнерпаздар туған күн иесінің жаңа өлеңдерін жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады.

М.Шаханов пен Е.Садыр алқызыл лентаны қиған соң жұртшылық шығармашылық үйімен танысты. Ерекше дизайнмен салынған үйдің іші де ерекше безендірілген. Ақынның балалық шағынан бүгінгі күнге дейінгі өмір жолы әр кездегі суреттермен, құжаттармен толықтырылған.

Шығармашылықпен айналысатын жұмыс кабинеттері, кітапхана, демалыс және қонақ қабылдайтын бөлмелер заман талабына сай жабдықталған. Осынау күні қонақтар ақынның «Отырар дастаны» шығармасы желісінде түсірілген анимациялық фильмді тамашалады.

Пікір жазу