Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!

АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласында Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына қарсаңында үлкен «Асқақатай бер, Астана!» атты гала-концерт өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен аудан-қала әкімдері және зиялы қауым өкілдері, Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары  тамашалаған концертте облысымыздың 150-ден аса өнерпазы өнер көрсетті


Сонымен қатар, қолөнер және қылқалам шеберлерінің 200-ге жуық туындыларынан көрме ұйымдастырылып, елге ұсынылды.

Мерекелік шара Астана қаласының 20 жылдығына орай Елордамыздағы әсем де, сәулетті ғимараттардың нобайы бейнеленген түрлі бұйымдар қойылған көрмеден бастау алды.

Салтанатты жиында аймақ басшысы Астана қаласының ел тарихында алар орнын екшеп, айтулы күнге орай өңірімізде өткізілген шараларды атап өтті.

Жиында олыс әкімі Ж.Түймебаев, «Астана – Қазақстан тәуелсіз¬дігінің Ұлы тұғыры. Елорда – Елбасы идеясының іске асырылуы және барлық Қазақстан халқы еңбегінің нәтижесі екенін айта келіп, елдің көңіл қуанышына айналған ару қаламыздың мерей тойына орай өңірімізде өткізілген іс-шаралар мен ашылған бірқатар әлеуметтік нысандарға тоқталды, облыс тұрғындарын осынау айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара барысына  ҰОС және еңбек ардагерлері, Парламент және облыстық мәслихатының депутаттары, заң қызметкерлері, білім, мәдениет және спорт саласының өкілдері жалпы саны 24 азамат азамат облыстың  «Құрметті азаматы» атағын алды. Олардың қатарында  еңбек ардагерлері Асқар Құлыбаев, Оразалы Омаров, Ділдәбек Тойжанов, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев,  кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов,  «Қазақ күресі» Бүкіл әлемдік федерациясының бірінші вице-президенті  Серік Төкеев, «Болашақ» үздіксіз білім беру орталығының директоры Саттар Қуашбай бар.

Бұдан бөлек,  өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан 30-ға жуық азамат «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды.

Мерекелік шараның соңы Қазақстан эстрада жұлдыздары мен өңіріміздің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу