Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! — 2

ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! — 2

 

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы сапары барысында  астық ору науқанымен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев  ары қарай мал бордақылаумен және ет өнімдерін өндіретін «Қарқын – 2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

2009 жылы құрылған серіктестіктің меншігінде 250 гектар жер бар. 800 бас мал бордақылауға шақталған нысанда бүгінде 400 бас ірі қара байлануда. Цехта тәулігіне 5 тонна 12 түрлі шұжық өндіріледі. Дайын өнім елімізден бөлек, Ресейге де жөнелтілген.

Онда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 50 адам маусымдық жұмыспен айналысады. Өткен жылы серіктестік 2 млрд. 955 млн. теңгенің өнімін өндірген. Соның есебінен 167 млн. 218 мың теңге салық түскен.

Серіктестіктің жұмысына қаныққан облыс әкімі осы жылдың бес айында өңір бойынша 90 мың тоннадан астам ет өндірілгенін айтып, оның ішінде 8 мың тоннаға жуығы Қазығұрт ауданына тиесілі екенін жеткізді.

Бұл мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ үшін аз көрсеткіш екенін тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмыстарды дамытуды аудан басшысына тапсырды.

(Аят Әсетұлының фоторепортажы)

Пікір жазу