Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! -3

ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! -3

Аймақ басшысы Қызылқия ауылдық округіндегі дәнді-дақыл мен жеміс-жидек өндірумен айналысатын «Аманкелді» ЖШС-не барды. Серіктестік бүгінде 2322 гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005 жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған.

Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған кәсіпкер тамшылатып суару әдісінің арқасында шығын азайып, өнім көлемі артқанын айтады. Мәселен, алма, шабдалы, шие, алхоры, өрік, алмұрт, жүзім өнімдерінен 2017 жылы 14 млн. теңге табыс тапқан.

Бұдан соң әкім «Ыбрайым қажы» шаруа қожалығына аялдады. Мал азығын даярлаумен айналысатын қожалықтың меншігінде 0,25 гектар жер бар. Мұнда тәулігіне 2 тонна көк балауса (гидропон) өндіріледі.

Сапары соңында БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында облыс әкімі ауданда егін және мал шаруашылығы дамығанын айтып, бүгінде ауданда қарқынды бау көлемі артып келе жатқанына және халыққа қажетті коммуналдық мәселелерге тоқталды.

Пікір жазу