Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Sammer Fest» I жасөспірім таланттардың халықаралық фестиваліне қатысқан Түркістан облысының бүлдіршіндері елге оралды.


«Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өткен фестивальде Түркістан облысынан 9 жанр бойынша 32 жас дарын қатысып, соның ішінде 7 өнерпаз жүлделі орынға қол жеткізді.
Қатысушы жас өнерпаздарды Шымкент теміржол вокзалында ата-аналары, туыстары, ұстаздары салтанатты түрде күтіп алды.

Айта кетсек, байқауға республикамыздың барлық өңірлерінен және Қытай, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия елдерінен 400-ден астам өнерпаз балалар қатысты.

Бүлдіршіндерге өнер сайысында бақ сынауға Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы қолдау білдірді.

 

Азат Дидарбек (Azat Didarbek)-тің фоторепортажы

Пікір жазу