Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА МАМАНДАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ

ЖАҢА МАМАНДАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында қаладағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің үздік бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.  Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, түрлі сала басшылары, ата-аналары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеште Астана қаласына — 20 жыл, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне — 75 жыл толуына орай, университетті үздік бітірген 444 түлекке диплом салтанатты түрде тапсырылды.

— Сіздерге сəттілік тілеймін, жолдарыңыз ақ болсын! Қолдарыңызға диплом алып, еліміздің тұтқасын ұстар жас маман атандыңыздар. Енді үшінші мегаполисті қаланың дамуына атсалысып, өркендеуіне үлес қосуға шақырамын, — деді университеттің құрметті профессоры Ғ.Əбдірахымов.

Осыдан кейін шаһар басшысы түлектерге қызыл дипломды табыстады. Айта кетейік, ОҚМУ-ды 4273 студент бітіріп, оның 444-і үздік диплом иегері атанды.

Салтанатты кеш қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға, соңы тамаша отшашуға ұласты.

Пікір жазу