Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН АСТАНА!

ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласында Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған гала-концерт өтті. Есімхан алаңында өткен концертке мыңдаған көрермен қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Думанды салтанат барысында өңір басшысы қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалын салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында спорт, өнер, БАҚ және өзге де салалардың өкілдері бар. Сонымен қатар, Ж.Түймебаев биыл ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған Түркістан облысының 20 өреніне Алғыс хат тапсырып, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәт-сапар тіледі.


Түркістан төріндегі гала-концертте облысымызға және елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Кеште Отан, туған жер, махаббат, Астана, достық тақырыбындағы туындылар мен ел жүрегінен мәңгі орын алған әндер шырқалды.

 

Кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу